Жоба туралы

Стратегиялық жоспарларды жүзеге асыра отырып, ZAMAN GROUP басшылығы Қызылтау кокс көмірі кен орнын өңдеу туралы шешім қабылдады, осындай мақсатпен «3AMAHINVEST» ЖШС компаниясы ұйымдастырылды.

«3AMAHINVEST» ЖШС «СГОС «Павлодар» ҰК» АҚ-ың Павлодар облысындағы Қызылтау кен орнын өңдеу бойынша серіктестігі (көмір барлауына жер қойнауын пайдаланушы құқығы, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «СПК «Павлодар» ҰК» АҚ арасындағы 25.07.2012 ж. тікелей келіссөздер хаттамасы).
3AMAHINVEST – өз қызметінің дамуын жалғатырып жатқан, қалыптасу жолындағы жас компания.

Қызылтау кен орны туралы жалпы мәлімет

Қызылтау кен орны Павлодар облысының Баянауыл аумағында, Павлодар қаласынан 180 км оңтүстік батыста және Астана-Павлодар темір жолынан 150 км оңтүстікте орналасқан.
Қызылтау кен орны өткен ғасырдың ортасынан белгілі және әртүрлі мезгілдерде шағын карьерлермен өңдірілген.

Қызылтау кен орнында көмір табу мен кокс өндіру жобасының сипаттамасы

Қызылтау кен орнын пайдалану мерзімі 45 жыл құрады. Көмір разрезінің жобалық қуаты – жылына 3 млн тонна көмір
Жаңа жұмыс орындарын жасау жоспарлануда: разрез құрылысы барысында – 150 адам, пайдалану барысында – 500 адам.