Ислам қаржылары

ZAMAN GROUP Қазақстанда Ислам қаржы институттарының дамуына белсенді қатысады. ZAMAN GROUP-тың екі қаржы ұйымы «ЗАМАН-БАНК» АҚ мен «ЗАМАН-ЛИЗИНГ» ЖШС осы бағытта белсенді әрекет етуде.

2012 жылдың желтоқсанында «ЗАМАН-ЛИЗИНГ» ЖШС Қазақстан Иджара Компаниясы» АҚ-ның ортақ құрылтайшысы ретінде танылды. Бұл компания Ислам құқығына сәйкес қаржы қызметтерін көрсетеді. Бүгінгі күнде «Қазақстан Иджара Компания» АҚ-ы отандық қаржы нарығында қарқынды дамуда.

Стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойып, Жеке секторды дамыту Ислам корпорациясы 2013 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының банк секторындағы келесі қадамын, сонымен қатар «ЗАМАН-БАНК» АҚ аймақтық банкін болжалды қаржы бөлуі жазылыстық және ақы төленген капиталдың 35%-на дейін құрайтын ислам банкіне айналдыру туралы міндеттемесін жариялады.    

2013 жылдың аяғында «ЗАМАН-БАНК» АҚ, Ұлттық банктің бықылауымен, коммерциялық банктен ислам банкіне айналу рәсімін бастады. Сөйтіп, «ЗАМАН-БАНК» АҚ-ның еліміздегі екінші ислам және бірінші корпоративті клиенттермен қатар жеке тұлғаларға қызмет көрсететін Қазақстандық ислам банкі болып табылуына мүмкіндігі бар.

«Бүкіл мүдделі тараптардың қолдауымен, Корпорация мен ЗАМАН-БАНК арасындағы серіктестік шеңберіндегі осы стратегиялық қадам Қазақстан үкіметінің, институционалдық даму мен заңнаманы жетілдіру, ислам қаржы ісіне инфрақұрылым жасау арқасында, 2020 жылға қарай Алматыны аймақтағы ислам қаржы ісінің орталығына айналдыру жоспарын жүзеге асыруға қолдау болады деп қарайлады».     

Ислам қаржысы – биік мұраттар мен адамгершілік құндылықтарға сүйенетін, сонымен қатар, қазіргі заманда қолданыла алатын жүйе. 

Ислам қаржыландыруының Қазақстанға енгізуі отандық экономиканың дамуына жаңа мүмкіндіктерді аша түседі. Ең жоғары мемлекеттік деңгейде жылжытылатын Исламдық қаржыландыру инвестициялық, ірі инфрақұрылымдық жобаларға қатысу үшін капиталды, ислам қаржы индустрияның ірі әлемдік қатысушыларын тарту арқылы Қазақстан кәсіпорындарының әрекетінің дамуына жағдай жасайды деп қарайлайды.