Банк туралы

«ЗАМАН-БАНК» акционерлік қоғамы – Павлодар облысы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінің экономикалық дамуына қатысы бар аймақтық банк.

ЗАМАН-БАНК түрлі банк қызметтерін ұсынады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы операцияларды бақылау және реттеу Агенттігімен 2006 жылы 6 қазанында № 11 ұлттық және шетелдік валютада банктік және басқа операцияларды жүзеге асыруға берілген лицензиясы бойынша операциялар жасайды. 

Банк Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі, Қазақстанның жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру системасының қатысушысы, «Бизнес жол картасы 2020» программасын жузеге асырудағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның серіктесі.

ЗАМАН-БАНК заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлермен жұмыс істеуге бағдарланған, сондай-ақ, ірі, орташа және шағын бизнес кәсіпорындармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Банктің негізгі клиенттері – қызметін көмір, энергетика саласында атқаратын, сонымен қатар, тау-кен, құрылыс және көлік аясында жұмыс істейтін кәсіпорындар.  

2013 жылдың Банктің өмірінде оның алдағы қызметін анықтаған маңызды оқиға орын алды: ЗАМАН-БАНК пен Жеке секторды дамыту Ислам корпорациясы (ICD) стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. ICD «ЗАМАН-БАНК» АҚ аймақтық банкін болжалды қаржы бөлуі жазылыстық және ақы төленген капиталдың 35%-на дейін құрайтын ислам банкіне айналдыру туралы міндеттемесін жариялады.

2013 жылдың Қазанында Акционерлік келісімге қол қойылды да алғашқы транш төленді. Осылайша, «ЗАМАН-БАНК» еліміздегі екінші ислам банкі болады.