Компания туралы

«А и К» ЖШС комплексті ферроқорытпа зауыты 1998 жылы Екібастұз қаласында құрылған.

Өндіріс ұйымдастру идеясы Екібастұз көмір кен орнының бірегей мүмкіндіктерін және ферросиликоалюминий (ФСА) қорытпасының соны технологиясын пайдалану арқылы кәсіпорынның металлургиялық қызметін дамыту мәселесін шешуімен тікелей байланысты. Бұл аналогы жоқ өнім алғашқы рет Екібастұз қаласында көмір қалдықтарынан қазақстандық ғалымдардың тәжірибелері арқасында шығарылған (бұл технология патенттелінген, өнеркәсіптік өндіріске енгізілген).      

Бүгін комплексті ферроқорытпалар зауыты – екі өндірістік корпус, қосалқы өндірістер, ғылыми-зерттеу кешені мен алдарына қойылған мәселелерді шеше білетін білікті мамандар ұжымы.

Бірегей өнім.

Ферросиликоалюминийдің әлемде аналогы жоқ. Бұл – комплексті қорытпа қоспасыз және қоспалы болат шығарылымында тиімді қышқылдандырғыш ретінде қолданылады, оған қоса 25%-ға дейін алюминийі және 55-85%-ға дейін кремнийі бар қалпына келтіргіш ретінде силикатты қызулық өндірісте қолданылады. Болаттың қышқылдандыру барысындағы қоспаның тиімділігі комплекстегі қышқылдандырғыш элементтердің оттегімен түйісуінің артуына байланысты. Сонымен бірге алюминий мен кремнийдің қышқылдандыру қабілеті бір қатар артады да металды емес қосулар бойынша болаттың сапасын арттыруға мүмкіндік туады. Ферросиликоаллюминий металлургиялық комбинаттарда болаттың қарапайым маркаларын өндіруінде әдеттегі ферросицилий мен алюминий қоспаларын толығымен асады да алмастырады. Қазақстандық ғалымдар шығарған әмбебап қышқылдандырғыш қоспалы болат өндірісінде басқа ингредиенттердің бәрін дерлік алмастыра алады. Оны пайдалану кремний мен алюминий шығынын 25 және 20%-ға сәйкес төмендетеді (ферросицилий мен қайталама алюминий қолдануымен кәдімгі технолигиямен салыстырғанда), құйылған металлдың тығыз болуын, сомдарда силикосульфидті металлды емес қосындылар мен көзге көрінетін ыстық жарықтардың санын азайтуын, сонымен бірге қышқылдандырылған болаттың өзіндік құнын 15%-ға төмендетуін қамтамасыз етеді.