Компания туралы

Павлодар локомотив жөндеу зауыты – тартымды-қозғалмалы бөлшектерді жөндеу бойынша Қазақстандағы бірден бір беткеұстар кәсіпорын.
Зауыттың өндірістік территориясындағы жабық ғимараттар мен құрылыстардың жалпы көлемі 22535 шаршы метрге тең. Сондай-ақ зауыт үш негізгі өндіріске лайықталған цех пен екі қосалқы цехтың жұмысын қамтып отыр.
Зауыт жоғары білікті инженер-техникалық және жұмыс кадрларымен қамтамасыз етілген. Өнеркәсіп ұжымын 400-ден артық адам құрайды. Бұл өнеркәсіптегі технологиялық жүйелерді жобалау және құру, жөндеу, сондай-ақ басқару қызметтерін атқаратын жұмысшылар.
Павлодар локомотив жөндеу зауыты – бұл ТЭ10, ТЭМ сериялы тепловоздарды KР, ТОУ-8, ТО-8, ТО-7, ТО-6, ТО-5, ТО-4, ТО-3 циклдері бойынша жөндейтін, сонымен қатар локомотив құрылғыларын жөндейтін және қосымша бөліктерін даярлайтын заманауи өнеркәсіп.

Өнеркәсіп үш цехтан тұрады:

  • профилактика цехы локомотивтердің жоспарлы түрде профилактикалы-техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді;
  • күрделі жөндеу цехы КР1 (ТОУ-8), КР2 (КР) көлеміндегі жөндеу жұмыстарымен айналысады;
  • локомотив құрылғыларын жөндеу цехы.

Зауыттың негізгі стратегиялық серіктесі мен тапсырыс берушісі «Қазақстан темір жол» Ұлттық компаниясы» АҚ «Локомотив» АҚ болып табылады.

Зауыт төмендегідей ірі өндіріс компаниялардың тепловоздарын жөндеумен айналысады: «ТехноТрейд KZ», «Ремвагонлокомотив», «Локомотив-Сервис ЭК», «Темір-сервис», Павлодар қаласы Отын-көлік компаниясы, «ПромТрансМенеджмент».