Компания туралы

Сарыкөл кен орнының көмірін брикеттеу зауыты – қалыптасу жолындағы жас кәсіпорынБрикет зауытының ресурстары мен әлеуеті зор, әрі ұзақ мерзімді дамуға бейімделген.
«Әл-Мактуб» ЖШС-ның көмір брикеттеу зауыты Қазақстандағы кесек отынның жаңа түрін шығырады, және брикеттелген көмірді шығаратын еліміздегі бірнеше кәсіпорындарының бірі. Бүгінгі күнге, бұл елімізде аналогы жоқ құралдармен жабдықталған жоба.
 
Қайталама шикізат пен ілгерішіл технологиядарды пайдалану - өнім мен өндірістің бәсекелестік қабілетін арттыру жолы.
 
Табу барысында пайда болатын көмір ұсақ-түйекті қайта өңдеу және кәдеге жарату оны баламалы шикізат көзі ретінде ғана емес, қоршаған ортаны қорғау жағынан да маңызды. 
Көмір табу өндірісі технология жағынан табылған көмірдің 30 % жететін ұсақ-түйектің шығуымен байланысты. Заманауи технологиялар осы қалдықтарды қайталама шикізат ретінде колдануға мүмкіндік береді. Ең үдемелі компаниялар бүгінде қалдықтар пайда болатын жерлерде олардың көлемін жою немесе азайтуы лайықты да арзандау екенін түсінеді. 
Дәл осы факт «Әл-Мактуб» ЖШС Сарыкөл кен орнының көмірін брикеттеу зауытын жасау жобасының бастамасында шешуші болып шықты. Қазіргі уақытта Зауыт қолданысқа тапсырылған, көмір брикеттерінің өндіруі басталды, өндірістік құатқа шығу 2016 жылға жоспарланған.
 
Көмір қалдықтарының ұсақ фркциялы және жұқа дисперсиялық компоненттерінен жасалған брикеттер – шиказатты қайталап өндеудің оңтайлы тәсілі.